Карантин талаптарын бұзған мейрамхана анықталды

58

Шымкенттік полицейлер карантин талаптарын бұзған кезекті ресторанды анықтады. Еңбекші АПБ қызметкерлерімен рейдтік іс-шара жүргізу барысында 2021 жылдың 25-қыркүйегінде, сағат 22:29-да Тәукехан даңғылы бойында орналасқан «Мимино» рестораны карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерді қабылдап жатқаны анықталды.

Карантин талаптарын сақтамаған кәсіп иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425 -бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін іс-құжаттары Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері бекітілген қаулыға бағынбай, әлі күнге той-жиын өткізіп жатқан тұрғындарға бұл өздерінің ғана емес, өзгелердің де өміріне қауіп төндіріп жатқанын қатаң ескертеді.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі