Әлемге әйгілі аспаз Бурак Өздемир Түркістанда мейрамхана ашпақ

72

Күні кеше әлемге әйгілі аспаз Бурак Өздемир Түркістанға келді. Алдымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат еткен ол рухани астанамыздың көрікті жерлерін аралады. «Керуен сарайға» барып, түркістандықтармен суретке түсті. Түркістан қаласы туралы алған әсерімен бөлісуді де ұмытпады. Алдағы уақытта Түркістанда мейрамхана ашу жаспарында бар екенін айтты.

Ол әлеуметтік желіде ерекше алып тағамдар дайындаған бейнероликтерімен танымал болған. Мәселен, ол алып бургер, бір метрден асатын люля-кебаб және үлкен көлемдегі дәстүрлі түрік тағамдарын дайындайды.

Бурак Өздемир алып тағамдар дайындауынан бөлек фирмалық күлкісі оған миллиондаған оқырман әкелді. Қазір Бурактың инстаграм парақшасында 10,7 миллион оқырманы бар. Бурак Өздемирдің Дубай, Доха және Душанбеде мейрамханалары бар. Енді олардың қатарын Түркістандағы мейрамхана толықтырмақ.