Осы аптада декларация тапсырудың мерзімі аяқталады. Кірістер комитетінің мамандары активтер мен өзге де мүлікке қатысты деректерді 15 қыркүйектен кешіктірмей өткізуді ескертеді.
Биыл қаңтарда жалпыға бірдей декларацияны енгізудің бірінші кезеңі басталды. Бұл кезеңде жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайы сонымен бірге бірқатар мемлекеттік функцияны орындайтын азаматтар декларация толтыруға міндеттелген.
Егер ескертуден кейін де декларация уақытында тапсырылмаса, 43 мың теңгеден аса айыппұл арқалайды.
Шынар Оразова