Елімізде өткен тәулікте 3 088 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның 95-і Шымкентте, 37-і Түркістан облысында тіркелген. 13 қыркүйектегі жағдай бойынша елде 78 512 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 16 345 пациент стационарға жатқызылған.
Ал, 62 167 -і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 1 276 адамның жағдайы ауыр, ал 340 пациенттің халі өте ауыр. 196 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 7 087 994 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 5 906 080 адам салдырды. Ал Шымкентте 457 237 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 387 491 тұрғыны алды.
Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 803 774, II компонентін 631 692 адам салдырған. Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына тоқталсақ, «жасыл» аймақта Түркістан облысы, сары белдеуде Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл мен Қызылорда облысы тұр. Ал қалған өңірлердің барлығы әзірге «қызыл» белдеуде.
Мөлдір Ибадуллаева