Қоғамдық көліктің мәселесі алаңдатып отыр

38

Миллионды қала тұрғындарының бүгінде қоғамдық көліктердің қызметіне өкпесі қара қазандай. Себеп сан алуан. Әсіресе бірі жұмысқа, енді бірі үйіне асыққан қарбалас сәттерде автобустардың аралық уақыты сақталмай, уақытынан кешігетінін айтып отыр.

Нәтижесінде жолаушылар аялдамада сағаттап күтіп, баратын жерлеріне уақытылы жете алмай әлек болуда. Ал енді біреулері карантин талаптарының сақталуын ескермей, автобусқа жолаушыларды аузы-мұрнынан шығарып, шамадан тыс мінгізетіндігін жеткізді.

Тіпті ашынған халық, оқушының төлем картасы болмаған жағдайда 100 теңге төлеуі керек деген талаппен де келіспейміз деп отыр.

Айнұр Бекасанова