Шымкент қаласының активі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» жолдауын талқылап, онда жүктелген тапсырмалар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге жұмыс жасайтындарын мәлімдеді. Сонымен қатар алдағы уақытта насихаттық топ ел дамуының бас жоспары — жолдауды халыққа түсіндіретін болады.
Шымкент қалалық әкімдігінің мәжіліс залына жиналған қауым ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті жолдауын кеңінен талқылады .
Икрам Хашимжанов, қоғам белсендісі: «Егерде ауыл шрауашылығына көңіл бөлмесек, бағалар түспейді. Президент жолдауынада субсидияға қатысты сын айтты. субсидия қарапайым шаруашылықтар үшін қолжетімді болуы тиіс. Тек осы талаптар орындалғанда, біз өзімізді ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтимыз»
Ася Мухамедова, Шымкент қаласының татар-башұқрт мәдени орталығының төрайымы: «Жолдауда президент денсаулық сақтау саласында атқарылатын жұмыстарға аса назар аударды. Салаға қомақты қаржы құю керек. Президенттің инвесторларды тартып, озық технологияларды және жаңа зерттеу жұмыстарын игеруді қолға алу керек деген тапсырмасы алдағы уақытта емхана, аурухана, ғылыми орталықтардың замануи талаптарға сай жұмыс істеуіне жол ашады. Сонымен қатар медицина қызметкерлерінің беделін арттыру және олардың жалағысын көтеру сияқты бастамалар менің көңілімнен шықты».
Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық дамуды жалғастыру мақсатында 2025 жылға дейінгі дамудың Ұлттық жоспары және мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі қабылданды. Айқындалған міндеттерді жүзеге асыру бойынша жұмыстар басталып кетті.
Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Бизнестің жол картасы бойынша былтырғымен салыстырғанда биыл қаржыландыру артып, 4,8 млрд. құрады. 7 айда 970 жоба қаржыландырылды.Нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылды».
Жолдаудағы еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптасыру бағытында Үкіметтің көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі тапсырманы қолдаған аға буын өкілдері, ел ішіндегі еңбек күшінің ұтқырлығы мәселесіне қатысты ойларын да жеткізді.
Жолдаудағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бағытында шахарда жұмыс ары қарай жалғасып, бұл мақсатты жүзеге асыруға қомақты қаржы бөлінетін болды.
Желгілікті кәсіпкерлер, Отандық тауарлардың қатарын толықтыру бағытында орта және шағын бизнес өкілдеріне қолдау көрсетілетіні бізді ынталандырады дейді.
Төреайым Сұлтанова, кәсіпкер, қалалық мәслихат депутаты: «Үкімет тарапынан қолдау біздің жұмысымызға серпін береді. Екінші жағынан президент парламентке әрбір заң жобасының қыр сырына терең үңіліп оны сапалы дайындау тапсырылды. Бізде мәслихат депутаттары қаламыздың экономикалық дамуына үлесін қосып келеді деп айта аламын».
Шахар басшысы, президент жолдауында айтылған жұмыстарды жүзеге асыру бойынша әрбір басқармаға жеке тапсырма берді.
Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Орынбасарым Ерғали Білісбековке, қаржы басқармасы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшыларына бюджеттің орындалуын қаржының тиімді жұмсалуын қатаң бақылауды тапсырамын».
Зиялы қауым, мемлекеттік қызметкерлер, қоғам белсенділері, депутаттардан жасақталған насихаттық топ шешуші кезеңге қадам басқан мемлекетімізді дамытудың бас жоспар, бағыт бағдарын халыққа түсіндіреді.