Шымкентте көлік кептелісін болдырмау мақсатында көшелердің қиылысына оң жақ өткелін салу жұмысы қарқын алып отыр. Қалада жалпы қажеттілік 45 орын болса, ағымдағы жылдың жоспары бойынша 8 көшедегі 10 орынға жерге оң жақ өткел салынуда.
Айта кетсек, жыл басында биыл 11 орынға оң жақ өткел салу жоспарланған болатын. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, жобаға өзгеріс енгізіліп, салынатын өткел саны 10 болып бекітілді.
Көшелерде жұмыс аяқталған соң 60 жол белгісі орнатылады. Бұл жұмыстар осы жылдың сәуір айында басталған еді, ал аяқталуы қазан айының соңына жоспарланып отыр.
Әлихан Файзханов