Шымкентте тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау уақытша тоқтатылды

66

13 қыркүйектен бастап Шымкентте тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау уақытша тоқтатылды. Ал, қайта қабылдау 1 қазаннан қайта басталады.

Азаматтардың құжатын онлайн қабылдау «www.kezekte.kz» сайты арқылы жүзеге асырылады. Тұрғын үй сертификатына жіберілген өтінішке жауап 3 жұмыс күн ішінде тиісті талапқа сәйкестігі тексеріліп, электрондық порталдағы жеке кабинетіне жолданады.

Сертификат алуға мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және мемлекеттік қызметшілері қатыса алады.

Айта кетейік, 1 миллион теңгеден берілетін тұрғын үй сертификатына осы жылға 500 млн теңге қарастырылған.

Жанерке Хумар