Шымкентте баспана кезегінде 37 мыңнан астам адам тұр

488

Шымкент қалалық тұрғын үй  және тұрғын үй  инспекциясы басқармасының  несие бөлімінің басшысы Гүлнар Әшірбаеваның мәліметіне жүгінсек.

Гүлнар Әшірбаева, Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының несие бөлімінің басшысы

«Бүгінде Шымкентте  баспана кезегінде 37 мыңнан астам  тұр. Биыл арендалық   пәтерге 1152  жерлесіміз қол жеткізсе, 104  азамат «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ арқылы баспаналы болды.  Баспанмен қамту көрсеткішінің төмендігін, шаһарда көпбалалы  отбасылардың көп екендігімен түсіндіреді. Мемлекет тарапынан бүгінде «7-20-25″ бағдарламасы бойынша баспаналы  болуға ниет білдірген, алайда жағдайы төмен отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсетіледі.  1миллионға дейін Тұрғын үй-сертификаты  аз қамтылған отбасыларға қайтарымсыз берілсе, бюджеттік мекеме қызметкерлеріне қайтарымды түрде несие беріледі. Оның да пайыздық мөлшерлемесі  0,01 пайыз. Бұл  қаулы   әзірге қолданысқа енгізілген жоқ. Бұл жеңілдіктер  кезекте тұрған азаматтарға қатысты».