ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов ТМД сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Мемлекетаралық Кеңестің төрағасы болып сайланды.
ТМД сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл байынша Мемлекетаралық Кеңестің VI отырысы онлайн форматта өтті.
Марат Мұратұлы Ахметжанов Павлодар облысындағы Теңдік ауылында дүниеге келген. Заңгер, 3-сыныпты әділет кеңесшісі, генерал-майор.Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1991-93 жылы Қарағанды облысы Теміртау қалалық прокуратура органдарында бастады.
1993-97 жылы ҚР Бас прокуратурасында,1997-98 жылы Қазақстан Мемлекеттік тергеу комитеті, кейін Қазақстан Ішкі істер министрінің әскери-тергеу департаментінде тергеу басқармасының бастығы, 1998-2001 жылы тергеу департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Сот қаулыларын орындау жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, 2001-03 жылы Қазақстан Бас прокуратурасының Алдын ала тергеу мен зерттеудің заңдылығын қадағалау жөніндегі департаментінің бастығы, 2003-06 жылы Павлодар облысының прокуроры қызметтерін атқарды. 2006 жылдан Түркістан облысының прокуроры.