Күріштің негізгі көлемі ТМД елдеріне жіберілді

10
Сатушылар көтерме бағамен алған күрішке 15-20 теңге қойып сатып жатырмыз дейді

Қазақстанда былтыр 209,6 мың тонна күріш өндірілді. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 0,9%-ға артық, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қазақстандық кәсіпорындар 38,6 млн долларға 123,2 мың тонна күріш экспорттаған. Күріштің негізгі көлемі ТМД елдеріне жіберілді. Қазақстандық күріштің негізгі импорттаушылары – Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан.

ТМД құрамына кірмейтін әлемнің басқа елдеріне Қазақстан 3,3 мың тонна күріш жөнелткен. Мұнда Моңғолия, Ирак және Түркия көш бастап тұр. Сонымен қатар бұл дақыл өткен жылы АҚШ, Иран, Израиль және Украинаға жеткізілген.