Түркістан қаласында салынған жаңа экобазарда мобильді қосымшаның көмегімен сауда жасауға болады. Жаңа жүйеге жақын күндері іске қосылады.

Мұнда Түркістан облысы мен басқа да облыс, қалалардың диқандары өз өнімдерін таяуда ашылатын заманауи экобазарда саудалай алады. Фермерлер базары 14 га жерде құрайды және мұнда 900 сауда орны бар.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев осы экобазарда болып, жай-күйімен танысты. Бұл жабық базар барлық азық-түлік тауарлары көтерме бағамен сатылатын ең ірі сауда орталығына айналатын болады.

Аймақ басшысы құрылысы қарқын алған бірқатар нысандарды аралап, жұмысты кестеге сәйкес аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, әуежайға барар жолдағы абаттандыру мәселесін пысықтап, «Алатау» медиа орталығында телеарнаның алдағы жоспарларымен танысты.

Әлихан Файзханов