Заңсыз салынған коммерциялық нысан бұзылды

76

Шаһардағы А. Асқаров көшесі №41 үйдің алдындағы «Сұлтан» сауда дүкенінің алдыңғы бөлігі сүріледі. Шымкент қаласы Әділет департаменті сот орындаушысы, өндірісіне келіп түскен Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімін орындау мақсатында, Асқаров көшесіндегі сауда орталығында жауаптылар  қызметін  атқаруда.

Сот шешімін орындауға жеке кәсіпкерге заң талаптарына сай 4 ай мерзім берілген. Алайда осы уақыт аралығында кәсіпкер оны орындамаған.

Мейрам Мұхтаров, Шымкент қаласы бойынша Әділет департаментінің сот орындаушылар бөлімінің басшысы: «Кәсіпкер қазір терезелерін өздері демонтаж жасап, сауда орнының ішін босатуда. Азық түлік заттарды шығаруға мүмкіндік берілді. Барлығы босатылған соң бұзылады».

Коммерциялық нысанда жұмыс істеген азаматтар жабдықтар мен  заттарын аулаға шығарып, бұзылатын ғимаратты босатуда. Нәтижесінде, осында нәпақасын тапқан бірнеше адам жұмыссыз қалды.

Арис Набиев, кәсіпкер: «Осы нысанға  біреудің «қызығушылыңы» бар. Еш ескертусіз сүріп жатыр. Қаншама адам жұмыссыз қалды кредиттері бар не болмақ».

Соттың шешімін орындау барысында  тұрғындардың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы техника, өрт сөндірушілер, тәртіп сақшылары коммерциялық нысанда кезекшілікте  тұрды.

Шынар Оразова