Шымкентте шектеу шаралары эпидахуал тұрақталғанша жалғасады. Қалалық бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты.
Енді қала ішінде жүретін қоғамдық көліктер демалыс күндері де қатынайтын болады. Ашық жобасына қосылған кәсіпкерлік нысандар түнгі сағат 24:00-ге дейін, ал көшбасшылары 2:00-ге дейін жұмыс істеуге мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, базарлар да сенбі, жексенбі күні жұмыстарын тоқтатпайды. Бірақ онда тек жасыл мәртебесі бар азаматтардың кіруіне рұқсат беріледі.
Шымкентте қоғамдық көліктер демалыс күндері де қатынайтын болады. Қаланың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, базарлар да енді сенбі, жексенбі күндері жұмыс істейді. Бірақ сағат 17:00-ге дейін. Онда Ашық қосымшасында тек жасыл мәртебесі бар тұлғаларға кіруге рұқсат беріледі. Қаулы 10 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Алдарқұл Ахметов, Шымкент қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары: «Жаңа қаулыға сәйкес базарларға да кішкене өзгеріс енді. Мынау ашық базарлар Ашық жобасынан қатыспаған күннің өзінде аптаның барлық күнінде жұмыс істей алады. Бірақ 17-00-ге дейін уақытылы шектеледі. Ал жабық түрдегі базарлар тек жұмыс күндері жұмыс істей алады. Демалыс күндері жұмыстарын тоқтатады».
Сонымен қатар, мамандар қоғамдық тамақтану орындарына қатысты да өзгеріс енгізілгенін айтты. Енді адам көп шоғырланатын жерлерде жалпы сыйымдылық орыны 50 пайыздан аспауы тиіс.
Қоғамдық тамақтану орындары да, егер Ашық жобасына қатыспаған жағдайда жұмыс күндері сағат 20-00-ге дейін жұмыс істей алады. БІрақ келушілердің саны жалпы отыратын орыннан 50 пайыздан асырмауы керек. Ал жалпы 30 адамнан асыруға болмайды. Мынау жазғы алаңшалар бар қоғамдық тамақтану орындарындағы Ашыққа қосылмаса да жұмыс күндері 20:00-ге дейін жұмыс істей ала алады.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты елімізде 1 жылдан астам уақыттан бері отбасылық мерекелік іс- шаралардың барлығына толықтай тыйым салынғандығы белгілі. Дегенмен мамандар, қалада тойлардың өтуі әлі күнге дейін тоқтамай отырғанын айтады.
Олардың арасында ескертуге қарамастан карантин талаптарын 2-3 реттен бұзған мейрамхана мен тойханалар бар. Қазіргі таңда ережеге бағынбаған 22 нысан сот шешімімен уақытша жабылған.
Әлихан Файзханов