Қаратау ауданының полиция басқармасына Түркістан облысының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, мемлекеттік бағдарлама тарапынан қайтарымсыз қомақты ақша шығарып беремін деген азаматша 3.800.000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен алып, алдап кеткендігін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жергілікті жердің тұрғыны анықталып, тиісті мекемеге жеткізілді.
Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарын бөгде адамдарға сеніп, алданып қалмауға кеңес береді.