Ағаш кескені үшін айыппұл арқалады

182

Шымкентте ағаш кескен тұрғынға әкімшілік шара қолданылды
Ағымдағы жылдың 30-қыркүйек пен 30-қазан аралығында Шымкенттік полицейлер «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағына рейд жүргізуде.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасы ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторларымен «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы барысында үй ауласында өсіп тұрған ағашты кескен тұлға анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 386-бабы (Жасыл екпелерді күтіп ұстау және қорғау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Осы орайда, шымкенттік полицейлер қала аумағында тазалықты сақтауды сұранады.