2021 жылдың 30-қыркүйегінде Абай АПБ-ның «102» нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, белгісіз азамат «WhatsApp» интернет желісі арқылы биржадан ақшаны көбейтіп беремін деп, алаяқтық жолмен 70.000 теңге ақшасын иемденіп кеткенін көрсеткен.

Абай АПБ Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс шаралары барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталды, басқармаға жеткізілді. Ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері бейтаныс азаматтарға сеніп, алданып қалмау үшін бөгде адамдарға ақша бермеуге шақырады.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі