Дубай ЕХРО көрмесінде Қазақстан павильоны ашылды

135

Дубайда EXPO-2020 көрмесі пандемия салдарынан бір жыл кешігіп ашылды. Ғажайып салтанатта от шашылып, музыка ойнап, тұрақты келешек үшін ғаламдық ынтымақ туралы үндеулер жасалды.

Өнер көрсеткен әртістер қатарында италиялық тенор Андреа Бочелли, британдық әнші Элли Гулдинг, қытайлық пианист Ланг Ланг, саудиялық күміс көмей Мохаммед Әбду бар. Аймақтың іскерлік және туристік орталығы – Дубай шөл далада төрт шаршы шақырым аумақта салынған әлемдік жәрмеңкеге 25 миллион адам тартып, экономикасын көтеруден үмітті.

Мәдени, технологиялық, архитектуралық көрме «Ақылды табыстырып, болашақты жасау» деген ұранмен өтіп жатыр. Ал, осы «экспода» ашылған Қазақстан павильонына 1 миллиондай адам кіреді деген болжам бар.

Шынар Оразова