Елімізде кедей мен орта тап айырмасы қандай?

50

Еліміздегі кедей мен орта тап айырмасы қандай? Мысалы, Швейцарияда орта тапқа жылдық табысы 73 мың доллардай адам жатады. АҚШ-та 50 мың. Қытайда 28 мың.

Бізде ше? Жаңа айтып отырғанымыздай, бізде орташа дәулетті дегеніміз пәтері бар, тұрақты айлығы бар, бірақ бәрібір несие алмаса жетпейтіндер емес пе?

Сонымен бірге, Ресейдің жоғары экономика мектебінің эксперттері пандемияның кесірінен көп адамның кедейлік қамытын кигенін айтып отыр. Бұл негізі ғылыми тұжырымсыз -ақ белгілі нәрсе.

Тек біздің елімізде осындай кешенді зерттеулер жүргізілмейтіні өкінішті. Біз азаматтарымыздың әл-ауқатына орай шынайы ақпарды білмейміз.

Шынар Оразова