Халық санағынан онлайн өтуге болады. Облыс және қала тұрғындарынан түскен өтініштерға байланысты санақтан онлайн өту мерзімі 30-шы қазанға дейін ұзартылды.
Статистика бойынша қалада 1 млн. 099 867 адам санақтан өтуі тиіс. Дегенмен қазірше санақтан 880 мыңға жуық азамат өткен екен. Сала мамандары шымкенттіктерді белсенділік танытып, маңызды шарадан тыс қалмауға шақырады.
Он жылда бір өтетін халық санағында әрбір азамат маңызды. Сондықтан қазан айының бірінен бастап интервьюерлер үй-үйді аралап, мәліметтерді жинауда. Шымкент қаласы бойынша статистика департаментінің мәліметіне сүйенсек, 1-ші қыркүйек пен 15-ші қазан аралығында өткен онлайн-санақ функция 302 мыңнан астам азамат, яғни шаһардағы халықтың 27.5 пайызы пайдаланған.
«Қазақстанда әркім маңызды!» ұранымен өтіп жатқан халық санағында қала тұрғындарының белсенділігі қандай?.
Естеріңізге қала кетейік, азамат санақтан онлайн өтсе, үйіне келген интервьюерге хабарламаны көрсетеді. Сауалнама қайта жүргізілмейді. Санақтан онлайн өту мүмкіндігінен бөлек дәстүрлі әдіс те бар.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша Қазақстанда халық саны 19 029 507 адам. Олардың 14 млн. 279 мыңға жуығы санақтан өткен. Халық санағы мәресіне 30 қазанда жетеді.
Шынар Оразова