Шымкенттіктердің назарына, 1 мен 30 қазан аралығында санақ дәстүрлі әдіспен, яғни интервьюрерлер үй шаруашылықтарын аралау арқылы сауалнама жүргізіп жатыр.
Департаменттегілер сауалнама жүргізу барысында интервьюерлерге қолдау көрсетіп, қажетті мәліметтерді беруге тұрғындарды шақырады. Олардың қауіпсіздігін қамту мақсатында жеке секторлардағы үй иелері иттері болса байлап, түсініктік танытса. Қазақстанда – әркім маңызды!
Шымкент қаласында 1383 санақ учаскесі бар. Онда 176 нұсқаушылық және 1207 санақ учаскесі құрылған.
Әрбір азамат халық санағының маңыздылығын түсінуі тиіс, ол еліміздің халқы бойынша нақты ахуалды біліп қана қоймай, демографиялық, әлеуметтік және саяси өмірдің көптеген аспектілері бойынша жағдайды болжауға мүмкіндік береді дейді жауаптылар.
Халық санағы барысында алынған статистикалық деректер барлық деңгейдегі бюджеттердің барынша объективті қалыптасуына негіз болады.
Шынар Оразова