Лауазымды мемлекеттік қызметкерлердің шетелдік шоттарында 700 миллиард теңгеге жуық қаржысы бар. Мемлекеттік кірістер комитеті мүлікті жария етудің қорытындысын жариялады.
Оған сай декларацияны 500 мыңдай мемлекеттік қызметкер мен оның жұбайлары тапсырған. Соның ішінде 440 адамның Америка, Швейцария секілді 58 елде банк шоты бары анықталды. Сақталған қаржы көлемі 691 миллиард теңге.
Сондай-ақ, 500-дей шенеуніктің Түркия, Ресей, Біріккен Араб әмірліктері сияқты 26 елде 666 баспанасы тіркелгені белгілі болды. Әрі мемлекеттік қызметкерлердің атында шетелдерде мыңнан астам көліктің бары да жария етілді.
Кірістер комитетінің хабарлауынша бұл дүние мүліктердің қайдан келгенін анықтау мақсатында тергеу жұмыстары жүргізілмейді.
Шынар Оразова