Мемлекеттік органдар бюджеттен бөлінген 13 млрд. теңгені уақытында игере алмады

73

Биыл мемлекеттік органдар бюджеттен бөлінген 13 млрд. теңгені уақытында игере алмады.

Әсіресе, Денсаулық сақтау, Әдiлет, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Мәдениет және спорт министрлігі  бөлінген  ақшаны игермеген.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қаржының игерілмеуіне жұмыс актілері мен шот-фактураларды уақтылы ұсынбау, төлем шоттарын жауапты органға кеш беру себеп дейді.

Жалпы республикалық бюджет бойынша 11 трлн. теңгенің 6 млрд. теңгесі үнемделген. Жергілікті бюджеттің шығыны 6 трлн. теңгеге жуық.

Шынар Оразова