Үшінші жылу электр орталығын салуға 7,8 млрд. теңге қажет. Республикалық бюджет туралы заң жобасын талқылау кезінде Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев осылай деді.

Министрге сауал жолдаған депутаттар 2010 жылы станция құрылысының сметалық құжаттары әзірленгенін жеткізді. Алайда жобаны іске асыру негізсіз созылып кеткенін айтады.

Жыл сайын Нұр-Сұлтанда тұрғындар орта есеппен 50 мың адамға көбейеді. Жылда 2 млн. шаршы метрден аса тұрғын үй салынады. Жылу мен электр энергиясына қажеттілік үш жылда 900 гигакалорияға дейін артуы мүмкін.

Шынар Оразова