Түркістан облысына республикалық бюджеттен қомақты қаржы қарастырылуда

111

Қаржы министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын жариялады. Тиісті заңды Парламент қабылдаған соң, ол 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Одан мысалы, еліміздегі қатары 20-ға жеткен өңірлердің қайсысына орталықтан қанша қаржы тиетінін білуге болады. Жалпы алғанда, дотациялы 17 өңірге келесі жылы жалпы сомасы 4 трлн. 937,5 млрд теңге сомасында субвенция үлестіріледі.

Қомақты қаржы  Түркістан облысына  қарастырылған. Бұған ондағы халықтың көптігі (2 млн 44 мыңнан астам адам) ықпал еткен болар. Бірақ биыл екіге бөлінгенге дейін халқы одан да көп болған (2 млн 108 мың адам) Алматы облысы бәрібір бірнеше есе аз бюджетке қанағат қылып келеді.

Келесі жылы да орталықтан Алматы облысына Түркістан облысынан 5 есе аз қаржы бөлінбек. Жалпы, Түркістан облысы ел қаржысын шығындаудан жыл сайын рекорд орнатып келе жатқаны жасырын емес.