Келер жылы елде пластик қалдықтарын өңдейтін зауыт іске қосылады. Шамамен 4 млрд. теңгеге бағаланған кәсіпорын Жамбыл облысында орналасқан.
Жауаптылар жаңа зауыт жылына 6 мың тонна пластик өңдейтінін жеткізді. Мұнда 60-тан аса адам жұмыспен қамтылмақ.
Бұған дейін қалдықтан қайта өнім дайындайтын зауыт Түркістан облысында ашылған еді. Өңірдегі кәсіпорын қоқысты өңдеп, тоқыма жіптер шығарады.
Шынар Оразова