«Бал текстиль» компаниясына – 10 жыл толды

46

Еліміздегі ең ірі «Бал текстиль» кілем фабрикасы бүкіл әлемде ең мықты кілемдерімен танымал ирандық кілем сапасында өнім шығаруды қолға алды. Қазірдің өзінде олар жылына 6 млн. шаршы метрге жуық кілем өнімдерін өндіреді. Ал Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған кәсіпкерлер алпауыт кәсіпорын жұмысымен танысуға мүмкіндік алды.

Бұл еліміздегі тұңғыш кілем фабрикасы. «Бал текстиль» компаниясы әлемдік озық технологияларды қолданып, жоғары сапалы кілемдер тоқып шығарады. Және мұндағы өнімнің сапасы Иран, Түркия сынды әлем алпауыттары өндірген кілемдерден кем түспейді. Түрік технологиясын қолданатын бірегей кәсіпорын, енді соңғы үлгідегі бельгиялық станоктарда еден төсенішін шығаруды қолға алған. Оның сапасын кәсіпкерлер де жоғары бағалады.


«Өте жақсы, сапалы, заманауи және барлығы керемет кілемдер. Алға, жасай берсін істері. Қазақстанның өнімі болған соң сатуға көп ұсынамыз».

«Керемет, фабрика бұрынғыдан жақсы дамыған. Міндетті түрде отандық кілемді қолдаймыз».

«Осыдан 10 жыл бұрын фабрика ашылған кезде, Шымкентке келіп, ашылуында болып, шашу шашқан едім. Осы жақтан Өскеменге кілемдерді алып барып, сатып бала-шағамызды асырап жүрген жандармыз» – дейді кәсіпкерлер.

«Бал текстильдің» отандық жеңіл өнеркәсіп нарығына енгеніне 10 жыл толды. Қазір еліміздегі алпауыт өндіріс орны жылына 6 млн. шаршы метрге жуық кілем шығаруға қауқарлы. Сонымен қатар, тоқыма өндірісіне қажетті шикізаттың 80 пайызын өздері өндіреді.


Дәулет Қанашаев, «Бал Текстиль» ЖШС-нің басшы орынбасары: «Іс-шараның мақсаты халқымызға шетелден келетін импорттық тауарлар ғана сапалы емес, өзіміздің отандық өнімдер де сол деңгейде сапалы бола алатынын жеткізу. Заманауи технологиялармен, машиналық кілемдер деп атап жатады ғой. Мұндай өндіріс Қазақстанда бұрын соңды болмаған. Біз сол кезеңнен бері этап-этаппен дамып, қазір өзіміз Қазақстанның ішкі нарығын 35-40%-ға дейін отандық өніммен қамтамасыз етіп отырмыз»

500-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отырған фабрика өндіріс аясын кеңейтуді көздейді. Алдағы уақытта жаңа тоқыма қондырғысымен толығады. Ал Шымкентте жасалған кілемдер Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан сынды бірқатар елге экспортталады.

Inst: @balcarpet.kz
Сайт: balcarpet.kz
Мекен жайы: Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, 264 орам, «Ontustik» АЭА, №65 ғимарат
Байланыс нөмері: +7-701-397-34-31