Полиция жаңа туған нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған әйелдің кім екенін анықтады

110

Тергеу барысында полиция қызметкерлері 1996 жылы туылған күдікті азаматшаны анықтап, бөлімшеге әкелді.

Еске салсақ, 18 қазанда Шымкент полициясына Т. Рысқұлов көшесіндегі қоқыс жәшіктерін тазалау кезінде «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-і қызметкерінен кіндігі кесілмеген жаңа туған нәрестенің мәйіті бар пакетті тапқаны туралы хабарлама түскен.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы (Жаңа туған баланы анасының өлтіруі) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Нәрестенің денесі сот -медициналық сараптамаға жіберілді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201 -бабына сәйкес тергеу құпиясын сақтау және қамтамасыз ету мақсатында басқа ақпарат жария етілмейді.