Қазақстандық делегация Польшада

60

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары Лариса Жұмағалиева бастаған қазақстандық делегация Польшаға іссапарға аттанды.

Онда делегация өкілдері Познань қаласындағы қоқыс өңдеу зауытының жұмысымен танысып қайтты. 1927 жылдан бері Орталық Еуропадағы қоқыс өңдейтін зауыт ерекшелігі — қоқысты жағу арқылы пайда болған күлді аяқжол плиткалары мен кәріз құбырын өндіруге пайдаланады.

Сондай-ақ, Айбек Сәттібаев Познань облысы әкімінің орынбасарымен кездесіп, инвесторлармен келісім жасаған. Ол Польшалық кәсіпкерлерді инвестициялық жобаларды бірігіп жүзеге асыруға шақырды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкентте қоқысты сұрыптап, қайта өңдейтін «ГринЛайн» ЖШС жұмыс істейді.

Гүлдана Дәурен