Қой және құмар ойын…

62

Түркістан облысында өзгенің 2 қойын жымқырып сатып, ақшасын құмар ойынға жұмсаған күдікті ұсталды

Арыс ауданы ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірінен арыз түскен. Онда жәбірленуші азаматша түнгі уақытта өзінің ауласында орналасқан қорасынан белгісіз азамат 2 бас қойын жасырын ұрлап кеткендігі туралы көрсетілген. Келтірілген жалпы шығын көлемі 100 000 теңгеге жуық. Аталған дерек ҚК 188-1-бабы, яғни «Мал ұрлығы» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Тәртіп сақшыларының жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті азамат Шымкент қаласы көшелерінің бірінен ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Полиция қызметкерлері оны бірден ПБ-ға жеткізіп, тергеу амалдарын жүргізді. Сондай-ақ оның бұдан басқа тағыда бірнеше жайттарға қатысы бары белгілі болды.

Полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын тергеу барысында анықтайтын болады.
Белгілі болғандай күдікті азамат тұрғындардың шырт ұйқыда жатқанын пайдаланып, қойларды біртіндеп алып шыққан. Содан соң өзі жалдап келген таксиге салып, бірден Шымкент қаласына қарай бет алған.

Осылайша ұрланған малдарды бірден мал базарға алып барып сатып жіберген. Ал оңай жолмен келген ақшаны құмар ойындарына жұмсаған.

Сондықтан полицейлер облыс тұрғындарына ескертеді: малдарыңызды жайылымдарда қараусыз қалдырмаңыздар. Қора-қопсыны мықтап қоршап, малды жайылымға жіберер кезде сенімді адамға тапсырыңыз! Үй жануарларын дер кезінде таңбалап, сырғалаңыз! Ұрының сіздің салғырттығыңызды пайдаланып, малыңызды иемденіп кетуіне мүмкіндік бермеңіз.