Шаруалар арнайы әдіспен жем-шөп дайындау көлемін арттықмақ

395

Шымкентте осы жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және жем-шөп сатып алу шығындарын арзандату бойынша қажетті қаржы көлемінің соммасы белгілі болды.

Осы мақсатта жергілікті бюджет қаражаты есебінен 248,0 млн. теңге қаражат қарастырылып отыр. Сонымен қатар, қуаңшылықтан сақтауды жетілдіру бойынша қала аумағында шаруашылықтармен бірлесе жұмыстар атқарылуда.

«Қасқасу-С» шаруа қожалығында мал азықтық дақылдар егілетін жерге тамшылатып суғару әдісімен бір жыл ішінде 4 рет өнім алу көзделіп отыр. Шаруалар шетел тәжірибесін пайдалана отырып мал азықтық дақылдарды егу үшін алдын ала топырақтың құрамын зерттеп жатыр.

Сондай-ақ, гидропоникалық әдісті қолдану арқылы шырынды мал азығын дайындамақ. Мұның тиімділігі, 2 кг астық дәнін сеуіп, 7 күнде 12 кг шырынды мал азығын алып, өнімділікті жоғарылату.

Әлихан Файзханов