Шымкент әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

53

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов онлайн режимде тұрғындарды кезекті рет жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға 8 тұрғын жазылған.

Олар негізінен баспана, әлеуметтік көмек, инфрақұрылыммен қамту және жер мәселелері бойынша шағымдарын жеткізді. Онлайн қабылдауда қаланың бірқатар тұрғындары баспана мәселесін де көтерді.

Атап айтқанда, Қаратау ауданы «Қайтпас-2» шағынауданының тұрғындары үй беруді сұрады. Бәрі де тұрғын үй кезегіне тіркелген. Қала әкімі, баспана азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тәртіппен кезек арқылы берілетінін жан-жақты түсіндірді.

Биыл көпбалалы отбасыларға 378 пәтер беру жоспарланған. Оның ішінде 176 пәтер пайдалануға тапсырылған. Қала әкімі кезекті қабылдауда тұрғындар мәселесін шешу үшін басқарма басшыларына, аудан әкімдеріне тиісті тапсырмалар жүктеді.

Мөлдір Ибадуллаева