Қала әкімі Мұрат Әйтенов 3 каналдың жөндеу жұмысымен танысып қайтты. Мегаполис басшысы мердігерлерге нысан құрылысын уақытында аяқтауды және сол мақсатта жұмыс күшін арттыруды тапсырды.
Қалаға су жеткізу көзі болғалы отырған каналдардың жөндеу жұмысы аяқталған соң, 1743 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылады. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы өнімдері көлемін артатын болады.
Айта кетейік, күрделі жөндеу жұмыстарының жалпы ұзындығы 35,5 шақырым. Қазіргі таңда қала аумағы бойынша ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланатын 27 канал бар. Жоспар бойынша, алдағы 4 жылда 22 каналға жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
Гүлдана Дәурен