Жаңадан салынған «Шапырашты» каналына су жіберілді

34

Шаһардағы Қаратау ауданына қарасты Шапырашты ауылындағы канал пайдалануға  тамызда  тапсырылады. Ағын су осындағы егістік жерлерге кесте бойынша беріледі. Бұдан бөлек, канал суы ауыл тұрғындарының қажеттігіне келісіммен осындағы шлюз арқылы жіберіледі. Көптен күткен каналдың құрылысы аяқталған бойда тағы бірқатар проблемалар туындап отыр,- дейді тұрғындар.

Шапырашты ауылында құрылысы аяқталуға жақын каналға су жіберілді. Ағын су егістік, осындағы бау бақшаларды суғаруға пайдаланылады. Былтыр маусым айында құрылысқа кіріскен мердігер мекеме жобалық сметалық құжатта бекітілген мерзімге сәйкес жұмыс атқаруда. Ұзындығы 7 шақырымға жуық канал 500 гектарға жуық жер алқабын суғаруға қауқары жетеді дейді құрылысшылар.
Сәтжан Сәрсенбиев, «Шах» құрылыс компаниясының Шымкенттегі филиалының директоры: «Бұрын қуаттылығы өте төмен еді,  шөп өсіп, ені тарылып қалған еді. Қазір өткізу қабілеті жоғарылады. Тамыздың 31-не құрылысты аяқтаймыз. Былтыр 220 млн теңге игердік, биыл 230 миллион теңгені  игеруіміз керек. Жұмыс екі шақарымдай жерде жүргізілуде. ЖСҚ сәйкес тамызда бітіреміз».

«Сайлау науқанында канал мәселесі көп көтерілген болатын. Өтінішімізге құлақ асқан «Аманат» партиясынан сайланған депутаттарға алғысымыз шексіз . Алайда каналдың құрылысы аяқталған тұста күрделіктер пайда болды»,- дейді ауыл биі Нұрмахан Бекбосынов.

Нұрмахан Бекбосынов, Шапырашты тұрғын алабының тұрғыны: «Су қорғау аймағын анықтап берсе, сосын ана құрылыс барысында осындағы қырды тіке қырып, канал салынған. 6-7 метр биіктігі, одан құлаған адам да, мал да оңбайды. Оны енді шамалы икемді етіп жасап берсе».

«Шапырашты» каналының құрылысы AMANAT” партиясының 2023 – 2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасына енгізілген болатын. Сондықтан туындаған мәселелерді шешуді партиялықтар өз мойнына алыпты.

Бахадыр Нарымбетов, «Аманат» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасы: «Өздері, мал жүретін  шағын көпір сұрап жатыр. Оны өздері рұқсат алып жасаса, ал екінші мәселесі су тазалық қорғау аймағына қатысты шешеміз. Трактор өтпесін, анау жүрмесін деген проблема болмасын деп ол жерлерді мемлекет мұқтаждығына алуға жұмыс  істейміз»

Бұл мәселе партиялықтардың қадағалауында болады. Есесіне, каналдың ашылуына тапсырыс беруші-қаланың жайлы ортасын дамыту  басқармасының өкілі, Қаратау ауданының әкімі  және жауапты мамандары және  осы округтен сайланған депутаттар болды. Олар канал төңірегінде қауіпсіздік шараларын назарға аламыз деп уәде берді.