Шымкенттік нысана көздеушілер жүлделі орынды еншіледі

92

Шымкенттік спортшылар Бангладеште нысана көздеуден халықаралық онлайн турнирде жүлделі орындарға ие болды. Аталған додада еліміздің спортшылары  2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдеге ие болды.

Команда сапында Шымкент қаласының спортшылары 1 алтын, 1 күміс жүлдеге қол жеткізді. Елизавета Безрукова пневматикалық винтовкамен 10 метрге ату жаттығуы бойынша жеңімпаз атанды.

Ирина Локтионова пневматикалық тапаншамен 10 метрге көздеу бәсекесінде күміс жүлде жеңіп алды.

Сондай-ақ, Алматы қаласының спортшылары да жүлделі орындарға ие болды. Жарысқа Украина, Бангладеш, Тәжікстан, Пәкістан, Қырғызстан, Бахрейн елінің өкілдері қатысты.

Диана Біржанова