Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында көш бастады

49

14-ші Азия чемпионаты аяқталды. Шымкентте нысана көздеуден өткен құрлықтық чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан командасы жалпы командалық есепте көш бастады.

Спортшылар қоржыны 12 алтын, 12 күміс және 12 қола медальмен толықты. Айта кетейік, Азия чемеионатында 10 мемлекеттен 176 спортшы қатысты.

Еске салайық, командалық есепте екінші орынға 5 алтын, 8 күміс және 4 қола медальмен Өзбекстан командасы жайғасты. Ал 5 алтын және 3 күміс иеленген Индонезия құрамасы үшінші орынды иеленді

Жанерке Хумар