«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і инвестбағдарламаның орындалуы бойынша есеп берді

152

Монополистер бекітілген жоспарға сәйкес, инвестициялық бағдарламаның орындалу барысы бойынша  халық алдында  есеп беруде.

Шымкент қаласының тұрғындарын шаруашылық-ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ететін және ағынды суларды толық тазарту, су бұру бойынша қызметтер көрсететін «Су ресурстары-марктинг» ЖШС-і, бағдарламаны  112 пайызға орындапты.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, «Су ресурстары- Маркетинг» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырған пресс-турға тұтынушылар, қоғамдық ұйымдар, атқарушы және уәкілетті органдар, БАҚ өкілдері қатысты. Алғашқы нысан Т.Рысқұлов көшесі бойымен А. Байтұрсынов көшесінен Әл Фараби көшесіне дейінгі диаметрі 500 мм су құбыры желісі. Қайта құрудан өтіп жатқан су таратқыштан Самал,1,2 және Тельман шағынаудандарындағы 7870 абоненті су ішіп отыр.

Қаланың кәріз жүйесіндегі барлық коллекторлардың шайынды суы осындағы екі коллектор бойынша тазарту қондырғысына түседі. Олардың жауын-шашында толып қалуына және қабілеттілігінің азаюына байланысты «Су ресурстары -маркетинг» серіктестігі бұл нысанды инвестбағдарламаға енгізіп, жаңалауда.

Жанатбек Тұрдалиев, «Су ресурстары-Маркетинг» бас директорының орынбасары: «548 млн. теңге жұмсалады, жылдың соңына дейін құрылысты аяқтаймыз».

Құйылған инвестициялар нәтижесінде су құбырлары мен кәріздің тозу дәрежесін төмендетуге және де өзге шығындарды азайтуға  мүмкіндік берді.

Дархан Қаинбердиев, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы: «Бес жылға бекітілген бағдарламаның сомасы 17,1 млрд. теңгені құраса, нақты инвестициялық бағдарлама 19.2 млрд. теңгеге орындалды. Тозығы жеткен жүйелер жаңаланды, авариялар азайды, халыққа үздіксіз таза сапалы ауыз су беруді қамтамасыз етілді».

Ағымдағы жылға арналған инвестициялық бағдарлама 3,19 млрд. теңге мөлшерінде бекітілді, оның ішінде бүгінгі күні 1,7 млрд. теңге орындалды. Нақты айтатын болсақ 6608 п.м. су құбыры желілері қайта құрылып, Көмешбұлақ су құбыры құрылысы аяқталды. Оған 23 бірлік технологиялық және энергетикалық жабдық енгізілді.

Шынар Оразова