Түркістан: 1,6 млн. тұрғын МӘМС жүйесінде сақтандырылған

51

Түркістан облысының 1,6 млн. тұрғыны МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Дегенмен аталған аймақта, жалдамалы жұмысшылар үшін жарна мен аударымдарды төлемеген жұмыс берушілер де бар екені анықталды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға сәйкес, жарна төленбесе тұрғын үш айдан соң жүйеден шығарылады. Сондықтан жұмыс берушілер жалдамалы жұмысшыларға МӘМС жүйесі бойынша жарнаны тұрақты төлеуді түсіндіруі тиіс.

Егер жалдамалы жұмысшылар жұмыстан шықса не жалақысы сақталмайтын демалысқа кетсе, онда жүйеге өз бетінше жарна төлеуіне мүмкіндік бар. Қазіргі таңда мүлде жарна төлемегендерге медициналық ұйымдардың учаскелік қызметкерлері, мемлекеттік кірістер басқармалары, жергілікті әкімдіктер ақпараттық насихаттық жұмыстар жүргізуде.

Мөлдір Ибадуллаева