Түркістан: 90 мың гектар жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарады

96

Түркістан облысында 500 шақырымнан астам канал бетонмен қапталып, 90 мың гектар жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарады. Қазіргі таңда 120 каналды қайта жаңғырту мәселесі қаралуда. Соның ішінде 23 каналдың тізімі жасақталып, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне ұсынылып отыр.

Республикадағы суармалы жерлердің 3/1 бөлігі Түркістан облысына тиесілі. Өңірдегі суармалы алқаптарды ағын сумен қамтамасыз етуде жыл сайын 206,8 млн.м3 су тапшылығы байқалады. Осы бір ағын су тапшылығын шешу мақсатында, өңірде 6 ірі су нысандарының құрылыстары жүргізілуде.

Әлихан Файзханов