Түркістан Түрік компаниясымен ынтымақтастық орнатпақ

24

Түркістан облысы түрік компаниясымен келісім орнатпақ. «Dogus Group» түрік компаниясы өкілдерімен кездескен облыс әкімінің орынбасары Рашид Аюпов агроөнеркәсіптік кешен, қалдықтарды өңдеу, жоғары технологиялар, сондай-ақ өңірдегі туризмді дамыту саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін сөз етті.

Сонымен қатар,  тараптар Нигдэ Өмер Халисдемир университетінің ауыл шаруашылығы факультеті мен қазақстандық университеттер арасындағы академиялық деңгейдегі әлеуетті ынтымақтастықтың өзара тиімділігі туралы келіссөз жүргізді.

Аршид Аюпов елдер арасында жаңа инвестициялық жобалардың ашудың жоспары әзірленіп жатқанын алға тартты.

Кездесу соңында облыс әкімінің орынбасары қонақтарды Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырып, Түркия кәсіпкерлерін бірлескен жұмысқа шақырды.