Ағымдағы жылдың 9, 10 қазан күндері Түркістан музыкалық драма театры белгілі драматург Дулат Исабековтың пьесасына қойылатын «Бөрте» спектаклімен ашылады. Бұл туралы брифингте театр директоры және көркемдік жетекшісі Айнұр Көпбасарова мәлімдеді.

Айтуынша, жаңа театрдың алғашқы қойылымының режиссері итальяндық маман Карло Шаккалуга. Ал рөлдерді Қазақстанның халық әртісі Алмахан Кенжебекова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Лейло Бекзанар-Ханинга мен Алихан Ыдрышева, Еркебұлан Дайыров, Ақбота Қаймақбаева, Нүркен Өтеуілов, Айя Шәріп сынды кәсіби актерлар сомдайды.

Қойылымның ерекшелігі декорацияның шынайлығы, сахналық киімдердің тартымдылығы, реквизиттердің арнайы шеберлер дайындауында болмақ дейді мамандар.

Мөлдір Ибадуллаева