Түркістанды дамытуға ғарыштың мүмкіндіктері де қолданылмақ

139

Қазақстандық ғарышкер, «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Айдын Айымбетов Түркістанға келді. Ғарыш саласына жауапты басшымен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев кездесу өткізіп, маңызды мәселелерді талқылады.

Атап айтқанда, Түркістан облысының экономикасын көтеруде ғарыштық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері сараланды. Қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов қазіргі таңда мемлекеттердің дамуында ғарыш саласының ықпалы зор екеніне тоқталып, ол мүмкіндікті тиімді пайдалануға болатынын жеткізді.

Облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев Түркістан өңірін дамыту бағытында ғылымның жетістігін негізге алу кезек күттірмес мәселе екенін айтты. Кездесу нәтижесінде «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ мен Түркістан облысы әкімдігі арасында меморандумға қол қойылды.