Жамбыл облысын оқ-дәрілер қоймасындағы зақымданған жарылғыш заттар өртенді. Оқиға 10 қазан сағат 7:20 шамасында Сарыкемер ауылында болған.
Жарылыс салдарынан оқ-дәрілердің қалдықтары мен бөлшектері жан-жаққа ұшпаған. Бұл жұмыстан тыс уақытта орын алды. Жақын жерде адамдар болмаған және ғимараттар мен құрылыстар зақымдалмаған.
Аудандағы ахуал тұрақты. Бірақ Алдағы уақытта да бұндай жағдайлар қайталануы мүмкін. Одан бөлек, қойма аумағында қауіпті оқ-дәрілердің бақыланатын жарылыстары жүргізілетін болады.
Әлихан Файзханов