Шымкенттегі шаштараздардың бірінде аптаның бесінші күні ерекше күн. Себебі жұма күні мұнда келушілердің бәріне шашты тегін алдыруға мүмкіндік жасалған. Шаштараз иесі, тұрғындарға қаражатын үнемдеуге, көмектесуді шешкен көрінеді.
Бұл жолы, шаштаразға келушілер арасындағы кезек әдеттегіден ерекше. Себебі, дәл осы күні, шашыңызды тегін қиғыза аласыз. Шаштараз қызметкерлерінің сөзінше, бұл жеңілдік, шашын алдыруға қаражаты жетпеген тұрғындардың өтініші негізінде жасалып отыр.
Шаштараз қызметкерлері, ас ішуге ақша табудың өзі қиынға соғатын кейбір тұрғындардың қалтасына шашын ақыға қидыру айтарлықтай салмақ салатынын айтады. Шаштараз басшысы сол себепті де ерекше акция жасау арқылы, өз отандастарын қолдауды шешіпті. Әр жұма сайын жарты күн бойы, орта есеппен, шеберлер 20-30 адамды қабылдайды екен. Мамандар, сол аралықта тіпті 100 адам келсе де, тегін қызмет етеміз дейді.
«Жұма күні біз өзіміз балдармен келістік, осылай жұма күнге дейін шаш алып жеңілдік жасаймыз деп», дейді.
Мекеме қожайыны, көмекке мұқтаж жанның барлығына шын жүректен көмек бергісі келетінін айтады. Және, ашылғалы бері келушілер, әсіресе мектеп оқушылары мен қарттар жиі жеңілдік сұрап, тіпті ақысын біраз уақыттан кейін төлеуге рұқсат та сұрайды екен.
Айта кетейік, елімізде egov.kz сайтында 32 қайырымдылық қоры ресми түрде тіркелген, ол жерде көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын созатын ондаған, тіпті жүздеген қор мен бірлестік жұмыс істейді. Олардың айтуынша, қайырымдылық әрқашан қаржылық көмек ғана емес, бұл тегін білім алып, дағдыларыңызды жетілдіруге жағдай жасау.
Аида Қарсыбайқызы