Еңбекші АПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, бейтаныс азаматша хабарласып өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, алаяқтық жолмен несие рәсімдеп, 1 600 000 теңгесін иемденіп кеткендігін жазып көрсеткен.
Аталған жайт бойынша, ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс-қозғалып, Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, жергілікті жердің тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Қазіргі таңда азаматшаның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға өздерінің жеке басына қатысты мәліметтерді бермеуге кеңес береді. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.