Шымкент полицейлері әйелдерге арналған дағдарыс орталығында кездесу өткізді. Қалада барлық мүдделі мемлекеттік органдарды, үкіметтік емес ұйымдарды және жұртшылықты тарта отырып, «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізіледі.

«Іс – шараның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және ескерту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы адамдарды таныстыру, сондай-ақ отбасының қоғамдағы рөлін нығайту. Кездесу барысында «тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жұмыс жүргізілді, сондай-ақ, зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған әрекеттер алгоритмі бар ақпараттық парақшалар таратылды»,- дейді сала жауаптылары.

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі топ инспекторлары аудандық әкімдік өкілдерімен және психологтармен бірлесіп «Көмек» дағдарыс орталығында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдермен кездесу өткізді.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды. Дағдарыстық көмек орталығына азық-түлік пен қажетті заттар жеткізілді.

Мөлдір Ибадуллаева