Түркістан қаласында киберспорттан «Alaman Sports 2021» додасының екінші маусымы өз мәресіне жетті. Финалдық бәсекенің жалпы жүлде қоры 4 миллион теңгені құраған-тын.
“Жүзден жүйрік” шыққан үздіктерді Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай марапаттап, сыйлықтар табыстады.
Сондай-ақ, сайыс қорытындысында, аталған спорт түрін дамыту өңірдегі жастардың шығармашылығын шыңдауға үлкен мүмкіндік екендігін атап өтті. Арнайы жабдықталған «Кибер — киіз үй» мен дәстүрлі қазақ киіміндегі аниматорлар көңілімізден шықты деген қонақтар, осы шара киберспорттың қыр -сырымен танысуға үлкен мүмкіндік болғанын жеткізді.
Аида Қарсыбайқызы