Шымкенттік жас математик күмісті қанжығалады

337
Серғазы Қалмұрзаев

Шымкенттік шәкірт нағыз математик екенін дәлелдеді. 2012 жылдың 16,21-қаңтар күндері математика, физика және информатика пәндерінен Жәутіков атындағы VIII Халықаралық олимпиадасы болып өтті. Онда әлемнің 18 елінен 54 команда, 343 қатысушы өзара бақ сынасты.

Бұл сынға біздің облыстан Серғазы Қалмұрзаев қатысып, жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Серғазы Қалмұрзаев Шымкент қаласындағы қазақ-түрік ерлер лицейінің 9-сынып оқушысы.

Серғазы Қалмұрзаев, қазақ-түрік ерлер  лицейінің 9-сынып оқушысы: «Олимпиаданың сұрақтары өте қиын болды. Десе де дайындығымыздың арқасында бұл қиындықты аттап өттік. Әтеген-ай деген кездерімізде болды. Енді бас алмай тағы да мықты дайындалу керек. Бас жүлдені уысымыздан шығарып алғанымыз өкінішті. Келер жылы бұдан да биік белесті бағындырамыз деп ойлаймын».

Ол былтырдан бері еліміздегі мықты математиктердің қатарына ілігіп, қала, облыс және еліміздің намысын ұлттық құрамада қорғап жүрген білікті жас математик.