Шымкентте өзін банк қызметкерімін деп таныстырып жергілікті тұрғынның ақшасын иемденіп кеткен азамат анықталды. Еңбекші ауданының Полиция басқармасына арызданған азамат бейтаныс азамат хабарласып өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, сеніміне кіріп 1000 000 теңге несие алып басқа есепшотқа аударып жібергенін жазып, көрсеткен.
Аталған жайт бойынша, тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шарасыН жүргізген. Нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде. Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді.
Жанерке Хумар