Президент банктерден кредиттік бюроға ақпарат жіберу мерзімін қысқарту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы жылдары алаяқтықпен байланысты қылмыстар саны өсіп барады.
Тоғыз айда елде 32 мың алаяқтық фактісі тіркелген, олардың тең жартысы интернет арқылы жасалыпты. «Кредит тарихындағы өзгерістер 15 жұмыс күні ішінде жаңаратындықтан, осындай жағдайлар болып жатады. Сонымен қатар, бір адам түрлі банкте бірнеше кредит рәсімдейтін фактілер де кездеседі», — деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында.
Шынар Оразова